/ Көлік пен пойыз қақтығысы жиілеген
15 апреля 2019 года, 18:03
Қымбат Слямбеков

Көлік пен пойыз қақтығысы жиілеген

Желілік полиция бөлімі мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірігіп, темір жол өткеліндегі жол ережесін бақылауға алмақ
Источник: Алдаспан Фото: 37.мвд.рф
Этот материал доступен на казахском языке
Көлік пен пойыз қақтығысы жиілеген

Өйткені соңғы уақыттары пойыз бен көлік қақтығысы жағдайлары көбейген.

Мәселен, соңғы рет осындай оқиғаның бірі Серебрянск қаласында болды. Ваз Приора көлігінің иесі келе жатқан пойызға жол бермей, өзі бірінші өтіп кетпек болып, темір жолдың үстіне тұрып қалған. Пойыз машинисі де шұғыл тежегішті тез басқанымен, тоқтап үлгермей, көлікті қағып бірнеше метрге дейін сүйретіп кетті. Абырой болғанда, қарт жүргізуші дін-аман. Алайда локомативтің алдыңғы жарық шамы мен тежегішке, пойыз дөңгелектеріне келген шығынды өтеуіне тура келеді.

Осындай оқиғаларды болдырмас үшін Өскемен-1 желілік полиция бөлімі жол полициясымен бірігіп, қаладағы темір жол өткелдерінің маңында рейд жүргізді. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған да, бұзбаған да жүргізушілерді тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жасады.

- Жүргізушілердің көбі темір жолды жылдам кесіп өтемін деп ойлап асығады. Содан жол апатына ұшырайды. Көлік рельске келіп кез келген уақытта кептеліп қалуы мүмкін. Осыны ескеру керек, - дейді Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Әсет.

Одан бөлек, пойыз бен көліктің қақтығысуына жүргізушінің немқұрайлығы да себеп.

- Жүргізушінің әнге, радиоға немесе басқа бір дүниелерге көңілі ауып кететін кездері көп болады. Ойланып кететін сәттер де жиі кездеседі. Бір секундтың өзі көз ілмес оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Темір жол - бұл қауіпті аймақ. Жүргізушілер соны әрдайым ескерсе екен. Бағдаршамда қызыл жанып, дабыл қосылып тұрса да, желігіп одан өтіп кеткісі кеп тұратын жүргізушілер көп. Елде бұл әдет болып кеткен бе деп те ойлайсың. Рейдттің мақсаты да халыққа осындай нәрселерді түсіндіру болды. Оларды өткелден өтер кезде мұқият болуға, сақ болуға шақыру болды, - дейді Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Лариса Азанбекқызы.

Теміржол өткелі маңында көлік жүргізушілеріне 50 метрге дейін тоқтауға әрі 100 метрге дейін алдыңғы көліктен басып озуға болмайды.

Следующая новость


Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Екі апта бұрын көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту бойынша облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өткен болатын
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Облыс әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында 2016 жылы басталған аймақтың археологиялық ескерткіштерін зерттеу бойынша облыстық бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру барысымен танысты
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Семейде Шығыс Қазақстан облысының жазғы демалыс орындарына демалуға келген Арыс қаласының балаларын салтанатты қарсы алды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Жақында ауыл шаруашылығы министрлігі төлдейтін ірі қараларды шетелге сатпау мәселесін көтеріп, бұған тыйым салуды ұсынған болатын
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Жер үй салуға бөлінген, инфрақұрылым тартылған жер телімдерін ел алмай отыр. Ал оған су мен жарық, жылу енгізу үшін қыруар қаржы жұмсалған еді