16 мая 2019 года, 15:14
Назерке Қайролданова

Басы таудай, аяғы қылдай

Даниал Ахметов әкімдіктің отырысында кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов пен жауапты орынбасарларын сынға алды
Источник: Алдаспан Фото: редакция мұрағатынан
Этот материал доступен на казахском языке

Ауылды жерлерде тұратын көпбалалы ата-аналар үшін өңірде арнайы "Асыл ана" бағдарламасы әзірленіп, оның негізінде өздерінің жеке кәсіптерін бастауға ниетті жанұяларға кепілсіз, төрт пайыздық үстемемен несие берілетіні жарыса айтылған. Алайда арада 3 ай өтті, бағдарлама негізінде несиеге өтінім берген ешбір ата-ана жоқ. Облыс әкімінің айтуынша, оған атқарушы билік кінәлі, жүйелі жұмыс жүргізбеген, түсіндірмеген. Тіпті, әкімнің "көпбалалы аналардың кәсібі үшін берілетін микронесиелер бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Қанша жоба бар?" деген сұрағына Ержан Шұрманов айналшықтап жауап бере алмай, ақыр соңында осы уақыт аралығында бұл санаттағы адамдардан ешбір өтінім келіп түспегенін мойындады.

- Мен тапсырма бергенмін, маған жалпылама түсініктеме керек емес,  нақты жұмыстар керек. Экономикалық тұрғыдан ештеңені түсіндіріп қажет емес, оны сендерден жақсы білемін. Сіздер көпбалалы отбасылар елдің ұлттық негізін біріктірушілер екенін түсінесіздер ме? Сіздердің "кездесу өткізілді" дегендеріңіз - бос сөз, - деп кесіп айтты аймақ басшысы. - 10 күнде бір көпбалалы аналармен кездесіп, нақты жұмыс істеуді тапсырамын. Жұмыс істеңдер, халық естіп отыр, ұсыныс болды. Ал ары қарай ештеңе жоқ. Өйткені олар келсе, қолды сілтеп қоя бересіңдер. Өткен жылы да микронесиелерге қатысты жұмыстар өнген жоқ. Сіздер үшін түс шығар, ал мен үшін қызметкерлерімнің жұмыссыздықтан рахаттанып жүруі - сорақылық.

Осыған дейін "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында басымдық өз ісін ашуға ниетті көпбалалы отбасыларға берілетіні, "Асыл ана" аймақтық жобасы ауылдағы жанұялар үшін үлкен қолдау болатыны әкімнің бастамасымен жария етілген және бұл мақсатқа 250 млн теңге қарастырылды. Жартысы жергілікті бюджеттен, қалғаны "Атамекен" ҰКП арқылы бағытталды.

- Біз айтамыз, халық қуанады, ал нәтижесінде, жыл соңына келгенде ешбір жұмыс жоқ, "өздері келмеді" деген сылтау айтылады. Бұлай болмайды. Бұл тұрғыда нақты тапсырмаларды талап етемін, - деп Даниал Ахметов орынбасары Әсем Нүсіпова мен "Нұр отан" партясының ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасы Ануарбек Мұхтарханұлына жағдайды бақылауға алуды және қыркүйекте кешенді бағдарламаның нәтіижесі туралы толық есеп беруді тапсырды.


Следующая новость



Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
6 сәуірден бастан облыстағы барлық мектеп оқушылары қазіргі таңда колледж студенттері  білім алып жатқандай қашықтан оқи бастайды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Театр тарих пен тағдырдың түйінін тарқатып, оны көпшілік көрерменге көрсетер киелі төр
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемен мен Семей қалаларында Төтенше жағдайға байланысты шектек шаралары енгізілді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Аймақтағы белгілі кәсіпкер Ержан Сқақов қарамағындағы 150-дей қызметкердің әрқайсысына 10 кг сиыр етін үйлестіріп, жалақыларын көтерді.