/ Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
/ Рекламные блоки
14 июня 2019 года, 12:34
Назерке Кәрімова

Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек

Өскеменде медицина қызметкерлері күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиада өтті
Источник: Алдаспан Фото: Қоғам дамуын ақпараттық қолдау Қорынан
Этот материал доступен на казахском языке

Өз кәсіби мерекелері қарсаңында қаладағы емханалардың дәрігер, медбике, фельдшер, санитарлары мен медицина саласының басқа да қызметкерлері өзгені емдеумен ғана шектелмей, өз саулықтарын да қалай сақтау керектігін көрсетті. Бұл спартакиаданың ұраны - "Дені сау дәрігер – дені сау пациент". Қаладағы медицина ұйымдарынан құралған 16 команда 5 спорт түрі бойынша күш сынасты – шағын футбол, арқан тартысу, жеңіл атлетика эстафетасы, шахмат және тоғыз құмалақ.

- Жыл сайын Дәрігерлер күні қарсаңында әркімнің салауатты өмір салтын ұстануы қажеттіг кқрсеткіміз келеді. Өйткені дәрігерлер өзгелерге үлгі болуы керек, - дейді медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Михаил Айзенберг.

Қаладағы медицина мекемелерінің алты бірдей бас дәрігері командаларына қолдау білдіру үшін жарыс алаңына келген.

- Біз белсенді демалысты жақсы көреміз. Ауруханамызда дәрігерлер үшін арнайы жабдықталған спорт залы бар. Қалаған қызметкер жұмыстан кейін қалып, жаттығу жасай алады, - дейді Защита темір жолы ауруханасының бас дәрігері Наталья Глуходедова.

Қызметкерлер де білек күшін көрсетіп қоймай, өнерлерін де ортаға салды. Әр команда ерекше таныстыру дайындап әкелген, оны да әділқазылар есепке алды.

Спартакиада нәтижесінде өткен жылы жеңімпаз болған Ана мен бала орталығының ұжымы ауыспалы кубокті бұл жолы облыстық ауруханаға табыстады да, өздері 2-орынды қанағат тұтті. Ал 3-орын Жедел медициналық көмек стансасына бұйырды.


Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Следующая новость
Telegram


Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Аягөз қаласындағы  Қазақстан Қарулы Күштері, Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан ардагерлермен жүздесті
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Тана мырза ауылында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Тоқаш Ешмұханбетовтың ұрпақтары әкелерінің атына арнап саябақ салуда
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Кейінгі жылдары Қарағаш ауылдық округінде атқарылып жатқан істер көңіл қуантады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Ел аман, жұрт тынышта адамдардың жоғалуы алаңдатарлық жағдай, бірақ бүгінгі қоғам мұндай жаңалықтарға селт етпейтін болғандай. Байланыстың, технологияның кез келген түрі дамыған заманда адамның іс-түссіз жоғалатыны ойға қонымсыз көрінеді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
"Қара археологияның" қазынасы қара базарда сатылады