/ Зайсанда келер жылы жаңа мектеп бой көтереді
/ Рекламные блоки
04 октября 2019 года, 10:48
Назерке Қайролданова

Зайсанда келер жылы жаңа мектеп бой көтереді

Зайсан қаласында келер жылы 300 оқушының білім алуына мүмкіндік беретін мектеп салынбақ
Источник: Алдаспан Фото: редакция мұрағатынан
Этот материал доступен на казахском языке

Бұл туралы Зайсан ауданы әкімі Серік Ақтанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Зайсан ауданында құрылыс жұмысы қарқынды. Мәселен, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалада жалпы құны 303 млн теңге болатын 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысы биыл мамыр

айында басталған. Бүгінде бөлінген қаражаттың жартысы игеріліп бітті. Сондай-ақ, одан бөлек тағы бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілі үшін салынбақ.

- 2019 жылдан бастап баланы 6 жасында мектепке беру міндеттелуіне және қала халқының жылдан жылға өсуіне байланысты жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, Зайсан қаласында 300 орындық мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, - деп атап өтті Зайсан ауданының әкімі Серік Қасымбекұлы.

Жаңа мектепті салуға қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Ал М. Дәуленов атындағы мектептің ескі ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 39,5 млн теңге бөлініп қойғаны белгілі.

Айта кетейік, 6358 оқушы білім алатын ауданның білім беру жүйесінде 27 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі, 1 спорт, 1 музыка, 1 жас техниктер стансасы, 1 жас натуралистер орталығы, 16 балабақша, 14 мектеп жанындағы шағын орталықтар және 1 техникалық колледж бар. Биыл ауданда облыстық бюджеттен 43,6 млн теңге бөлініп, 16 шағын жинақталған мектептерде IT-сыныптар ашылып, интерактивті панельдермен жабдықталған.

Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Соңғы жылдары жол-құрылысы саласында білікті мамандар тапшшылығы сезіле бастады. Әсіресе соңғы үлгіде шығарлыған техникамен жұмыс істейтін кадрлар аз.
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
2013 жылы Алматыдан шығысқа көшіп келген Дәулеткелді Сәкібаев есімді Зайсан ауданының тұрғыны апорт алмасын 7 жылдан бері егіп, жемісін көріп отыр
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Даниал Ахметов 3 күн ішінде Үкіметбасымен аудандағы Қытай азаматтарын шығару мәселесін шешетінін айтты.
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Қоқыс жейтін сиырлардың сүтін ішіп жүрміз
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскеменде 2008 жылы іргетасы қаланып, бірақ соңына дейін салынбай қалған нысан бар