/ Біздің "БОМЖ сиырлар"
/ Рекламные блоки
06 февраля 2020 года, 10:13
Алдаспан

Біздің "БОМЖ сиырлар"

Қоқыс жейтін сиырлардың сүтін ішіп жүрміз
Источник: Алдаспан Фото: автордікі
Этот материал доступен на казахском языке

Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды", дегендей Зайсан қаласында қоқыс жәшіктері қараусыз, қалай болса солай жатқаны, қаладағы ПМК аталған мөлтек ауданында қоқыс шашылып жатса, "Жастар қалашығы" атанған Заречный мөлтек ауданына қарасты Боқажанов көшесіндегі 84, 88, 88/1 жалдамалы жатақхананың қоқыс жәшігін кезген бір топ "Бомж" сиырлардың әрекетін біз айтып ұялсақ, аудан билігі тәртіпке келтіре алмағандарына ұялатын да сыңайлары жоқ.

Өткен жылдың сәуір айында осы бір топ сиырлардың ауладағы қоқыс жәшіктерін оңды-солды қопарып, айналаны қоқыс жәшігіндегі целлофандармен ластап, түрлі ас қалдықтарымен, пакет қағаздармен қоректенетінін "БОМЖ сиырларға тоқтау бола ма?" деген мақалада жазылған болатын. Аталмыш жатақхананың қоқыс жәшігі бірде-бір ретке келмеді. Көктем айында ауданға келген жаңа әкім Серік Ақтановқа осы мәселені жас-тар ұлардай шулап, қоқыс жәшігінің қалай болса солай тұрғанын көрсетіп, шағымданған да болыпты. Жастар алдында сөз берген аудан әкімі дереу ретке келетінін және қала әкіміне тапсырма бергенін бір топ тұрғындар өз құлағымен естіген екен. Амал қанша аудан әкімінің тапсырмасы шалағай орындалды да қалды. Не оны келіп тексеріп, бақылау жасаған ешкім де жоқ.

- Қоқыс жәшігін аралайтын "біздің БОМЖ сиырлар" қар түсе өздерінің құтты мекендеріне, ауладағы қоқыс жәшігіне қайта оралды, - дейді аталмыш жатақхананың тұрғындары. - Қоқыс жәшігі қоршаусыз, болмашы лекермен тұрғанын төрт аяқты мақұлық менсінсін бе?! Күндіз келіп қоқыс жәшігін қопарып, маңайын адам аяғын алып жүргісіз қоқысқа айналдырады. Мақұлықтар қоқыс контейнерлерін төңкеріп тастауға да жетті.

Бұл сиырлардың барлығы іргедегі "Қазақ ауылы" атанған төңіректен келетіні анық. Шашылған қоқыстар, ас қалдықтары, тұрмыстық заттардың, тұрмыста қолданылатын түрлі химиялық қолданбалардың қалдықтары ауладағы ойын баласына зиянын тигізбейді дейсіз бе?! Ертең осыдан түрлі аурудың ошағы бастау алмай ма?! Аудандық СЭС орталығы қайда қарап отыр?! Мектептер мен балабақшаларға барып, тіміскілеп жүріп айыппұл жазып, қажет болса мектеп ауласындағы баскетбол щитісінің қисайып тұрғанына айыппұл артқанша, осы бір шашылған қоқыс қалдықтарын, ертең ауру ошағы болатын мәселені келіп, тексеріп, қажет болса сынамасын алып, жауапты мекемелерге айыппұлын салмайды ма?! Түрлі қалдықтар мен химиялық тұрмыстық заттардың қалдығымен қоректенген сиырлардың өнімі қаншалықты сапалы болады, одан да ауру тарауы мүмкін емес пе?! Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі қайда қарап отыр? Қытай еліндегі аса қауіпті вирус та осындай бейберекетсіздіктен пайда болмап па еді? Не бір химиялық тұрмыстық қалдықпен қоректенген сиыр сүті мен етінен ертең ауыру тараса, оның себеп-салдарын қайдан табады? Алдын алу деген осы емес пе?!

Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
6 сәуірден бастан облыстағы барлық мектеп оқушылары қазіргі таңда колледж студенттері  білім алып жатқандай қашықтан оқи бастайды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Театр тарих пен тағдырдың түйінін тарқатып, оны көпшілік көрерменге көрсетер киелі төр
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемен мен Семей қалаларында Төтенше жағдайға байланысты шектек шаралары енгізілді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Аймақтағы белгілі кәсіпкер Ержан Сқақов қарамағындағы 150-дей қызметкердің әрқайсысына 10 кг сиыр етін үйлестіріп, жалақыларын көтерді.