/ Өскемен қаласының жас еріктілері бірігіп қарттарға көмек көрсетуде
/ Рекламные блоки
28 августа 2020 года, 14:58
Таунар Қайрат

Өскемен қаласының жас еріктілері бірігіп қарттарға көмек көрсетуде

Шығыс өңірінің бас қаласында жас еріктілері бірігіп асыл қазынамыз - қарттарға көмек көрсетуде
Фото: Jas Otan ЖҚ
Этот материал доступен на казахском языке
 Жақында "Қамқор" жобасы аясында Nur Ota" партиясының ӨҚФ жанындағы Jas Otan ЖҚ жетекшісі Алмаз Джакишев "Онлайн зейнеткер" жобасы  аясында 4 ардагерге емханаға тіркелу және басқа да қызметтерді онлайн режимде алуға көмек көрсетті.
- Қарттарымыз - ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Ұрпақ үшін жан аямай күрескен қарттарымызды қадірлеу - біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін де - сол бір қарттар, - дейді Jas Otan ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы.
Сонымен қатар, Jas Otan ЖҚ жетекшісі Алмаз Ажибекұлы ADAL еріктілер қоғамдастығының белсеңдісі Бекенбай Ерасыл Ерланұлымен бірге "Жылулық сыйлаймыз" жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Глазковаға 2,5 текше метр отын түсіріп беріп, азық-түлікпен көмек көрсетті.
- Балаларыма алғысым шексіз. Осындай қиын-қыстау кезеңде балаларымның бұл бастамасы жүректі тебірентеді. Қатты толқып тұрмын. Ең бастысы адам баласының денсаулығы мықты болып, еліміз тыныш болсын, - деп Александра әжей өзінің ақ тілегін айтты.
Қаланың тағы бес соғыс ардагеріне дәл осындай көмек көрсетлді. Еріктілер отынды ардагерлердің үйіне түсіріп, ауласына жинақтап берді. Барлық ардагерлер еріктілердің көмегіне қуанып, шексіз ризашылықтарын білдіріп жатты. Александра Ивановна, Александра Ивановнаның сіңілісі Вера Иванованы еріктілердің игі ісі мен жомарттығына разы болып, көзіне жас алды.
- Үлкен рахмет! Өте разы болып қалдық. Бізді ұмытпай, көмектесіп жатқандарыңа алғысымыз шексіз. Мерейлерің үстем болсын, - дейді Вера Иванова.

Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскеменде иесіз иттердің саны күн санап артып келеді. Соған сай тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар да жиілей түсті. Биыл иесіз ит пен мысық атуға 15 млн теңге қаржы бөлінді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар коронавирус инфекциясының жылдам таралуына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сапасыз жұмысы себеп болғанын айтады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Зайсан қаласында көшеде ала таңнан кешке дейін қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндері ойнап тұрады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Орталық мамандары керек-жарақтың бәрін үйге дейін жеткізіп береді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемендегі 30-гвардиялық дивизия, 30 мекенжайында орналасқан үй тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жағымсыз иіске тұншығып күн кешіп келеді