/ Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
/ Рекламные блоки
01 октября 2020 года, 18:06

Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады

3477 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл күні әскери бөлімнің құрметті ардагерлерін құттықтап қайтты
Фото: 3477 әскери бөлімінің бөлініс бастығы, қатардағы А. Кенесова ұсынды
Этот материал доступен на казахском языке
1 қазан - Халықаралық қарттар күні.  Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Қариясы бар ел - қазыналы ел демекші аталған мереке құрметіне орай 3477 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл күні әскери бөлімнің құрметті ардагерлерін құттықтап қайтты. 

- Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін әрдайым бөлек. Қадірменді ардагерлер! "Қарты бар ел – қазыналы ел" дегендей, Сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар, - деді 3477 әскери бөлімінің командирі полковник Рустам Хасанов.

Әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері отставкадағы прапорщик Ольга Дьячкова, отставкадағы майор Иванов Николай, отставкадағы аға прапорщик Валерий Кряжев, отставкадағы аға прапорщик  Виктор Малина, отставкадағы подполковник Иван Соколов сынды ардагерлердің үйіне барып, атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, өздерінің жылы тілектерін білдірді. Сонымен қатар асыл қазыналарға әскери бөлімнің атынан грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

А. Кенесова,

3477 әскери бөлімінің бөлініс бастығы 



Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
Өскемендегі әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскеменде иесіз иттердің саны күн санап артып келеді. Соған сай тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар да жиілей түсті. Биыл иесіз ит пен мысық атуға 15 млн теңге қаржы бөлінді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар коронавирус инфекциясының жылдам таралуына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сапасыз жұмысы себеп болғанын айтады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Зайсан қаласында көшеде ала таңнан кешке дейін қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндері ойнап тұрады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскемендегі 30-гвардиялық дивизия, 30 мекенжайында орналасқан үй тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жағымсыз иіске тұншығып күн кешіп келеді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Ұлттық спорт түрлеріне халықтың ықыласы күн санап артып келеді, әйтсе де жергілікті билік тарапынан қолдау болмай тұр. Облыстық, республикалық додаларда топ жарып жүрген жеңімпаздарымыз неге ренжулі?