/ Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" фотобайқауы ұйымдастырылды
/ Рекламные блоки
23 ноября 2020 года, 11:54
Таунар Қайрат

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" фотобайқауы ұйымдастырылды

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Этот материал доступен на казахском языке
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастыруымен "Абай бол..." жобасы аясында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауы ұйымдастырылды.
- Байқауға әр ауылдық округтен 7 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасы үміткерлердің Абай образындағы киіміне, образға шынайы тұлғалық ұқсастығына, фотосуреттердің сапасына баса назар аударды. Тағылымы мол байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар ережеге сәйкес суреттерді саралап, жеңімпаздарды анықтады, - деп мәлімдеді Ұлан ауданы әкімдігіндегілер.
Бас жүлдені Айыртау ауылынан Абай Каметаев иеленсе, бірінші орынды Қасым Қайсенов кентіндегі бес жасар кішкентай қатысушы Төре Қабдуалиев иеленді. Екінші орынды Алмасай ауылынан Амангелді Қасен иеленсе, үшінші орынды Асубұлақ кентінен Сержан Амангелдіұлы иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Абай Қаметаев - Бас жүлде иегері
Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Шығыс Қазақстан облысында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Бүгін Қасым Қайсенов кентінің №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Шығыста да енді үлкен кино түсірілетін болады
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Шетелдіктер қазақтың домбырасын ерекше құрметтейді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты