/ ШҚО Ана мен бала орталығының пациенттері дауыс беруге қатысты
/ Рекламные блоки
10 января 2021 года, 15:38
Назерке Кәрімова

ШҚО Ана мен бала орталығының пациенттері дауыс беруге қатысты

Бүгін, 10 қаңтарда таңғы сағат 9-ға дейін облыстың Ана мен бала орталығындағы жабық сайлау учаскесінде 167 әйел дауыс берді
Этот материал доступен на казахском языке
Ана мен бала орталығы пациенттерінің арасында ана атанғандар да, сол күнді күтіп жүргендер де бар.

– Біз дауыс беруге қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Қызым осында емделіп жатыр, мен оның қасындамын, бірақ соған қарамастан біздерге өз құқығымызды пайдаланып, балаларымның болашағы үшін дауыс беруге мүмкіндік туғызып отыр, – дейді Жәзира Еңсебаева.

Медициналық мекеменің бас дәрігері Ермек Омарбеков атап өткендей, сайлау құқығы барлығына толық берілді, жабық учаскеде комиссия жұмыс істеуде. Пациенттердің ешқайсысы өз дауысын беруден бас тартқан емес. Олардың кейбіреуі үшін бұл алғашқы сайлау екен.

– Менің ойымша, мұның тіпті біршама символикалық мәні де бар, – деп атап өтті Ермек Сембайұлы. – Біздің орталықтағы емделушілер өз балаларының болашағын таңдайтындарын түсінеді. Дауыс беру барлық бекітілген нормаларға сәйкес өткізілуде. Бүгін еліміз үшін өте маңызды тарихи күн. Бұл сайлауда біз өз дауысымызды ел Парламентінде халықтың мүддесін қорғайтын адамдарға береміз. "Біз біргеміз!" деген сөзді баршаның түсініп, әрбір дауыстың маңыздылығын ұғынатындары қуантады.

Ермек Омарбеков, сондай-ақ, медициналық мекеменің қызметкерлері бүгін ауысымға шығар алдында дауыс беруге қатысқандарын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Ана мен бала орталығы – Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарына сайлау құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген 71 жабық учаскенің бірі.
Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Дүкен маңында тұрған көлікті белгісіз біреулер айдап кеткен
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өңірде дауылды ескерту жарияланса да, Ұлан ауданындағы Каменская су қоймасына бет алған балықшыларға бөгет бола алмай, олар қар құрсауында үш автокөлікте қалып қойды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Белгісіз біреу Шемонаиха тұрғынының атынан 55 мың теңге несие алған
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Өскеменде  қоян-қолтық күресінен  Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне жеке командалық жарысы өтті
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Еленаның негізгі мамандығы инженер-құрылысшы. Қазір зоодүкен ашып, өз кәсібін жүргізіп отыр. Сонымен қатар, тазы иттердің жанашыры