21 января 2021 года, 15:25
Глубокое ауданына жаңа жедел жәрдем көліктері келді
Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Глубокое ауданының орталық ауруханасына әлеуметтік көмек ретінде екі жаңа жедел жәрдем көлігін және алты компьютерлік монитор
сыйлады
Фото: Глубокое ауданы әкімдігінен
Этот материал доступен на казахском языке
Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахимжанова өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазды.
Следующая новость
- Медициналық автокөліктер шұғыл жағдайда диагностикалау үшін барлық қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Компьютерлік мониторға келетін болсақ, бұл технология дәрігерлердің жұмысы үшін аса қажет. Қазіргі қағазбастылық кезінде жұмысты әлдеқайда жеңілдетуге әрі науқастар туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді Тамара Анатольевна.Сыйға берліген осындай бір көлік шамамен 22 миллион теңге тұрады. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметінде барлығы 22 санитарлық автомобиль бар. Пандемия кезінде шұғыл медициналық көмекке және көлікке деген сұраныс күрт өсті. Өткен жылдың күзінде облысқа жедел жәрдем көліктері келгенін еске сала кетейік. Аймақ басшысы медициналық транспорт жеткіліксіз аудандарға заманауи жабдығы бар жаңа көліктерді жөнелтіп жатыр.
Новости по теме

Осынау ұяң да өжет жігітті бала кезінен білетінмін. Зымырап жатқан уақыт оны да жігіт ағасы жасына әкеліпті. Көптен көрмегем, сабырлы жүзі мен күлімдеген екі көзінің маңайына ептеп әжім кіріпті...
Усть-Каменогорск и ВКО
16:53
59

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі жиырма жылға жуық уақыттан бері ақын, күйші, сазгер Шәкір Әбенұлының әдеби мұрасын насихаттауға үлкен үлес қосуда

Материалдық-техникалық базасына 150 млн теңге қарастырылған

Катонқарағай ауданының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп ауданда тасқын судың алдын алу шараларын жүргізді

Зайсан ауданындағы халық кей көшелердегі қар қыс басталғалы бері тазартылмағанын айтып шағымдануда