/ Өскеменде Республикалық Президенттік әскери көпсайыс өтті
/ Рекламные блоки
01 марта 2021 года, 08:44
Назерке Кәрімова

Өскеменде Республикалық Президенттік әскери көпсайыс өтті

Өскемен қаласында Президенттік қысқы көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті
Фото: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығын
Этот материал доступен на казахском языке
Сайысқа  "Шығыс", "Батыс", "Оңтүстік", "Орталық" өңірлік қолбасшылықтарымен қатар 5573  әскери бөлімі, ҰҰ Әскери институының әскерилері мен курсанттары  шаңғыдан  10  шақырым қашықтықта, пневматикалық винтовкадан оқ ату, гір тасын көтеру мен белтемірге тартылу  сынды спорттың бірнеше түрінен сайысып, өзара үздіктерді  анықтады.

- Қысқы спартакиада  қорытындысы бойынша шаңғы тебуден үздік өнер көрсеткен Ұлттық ұланның Әскери инстиутының құрамасы бірінші орынды иеленсе,  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы екінші орыннан көрініп, "Орталық"  өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды місе тұтты.  Сондай-ақ, әскери спортшылар   гір екісайсынан 68, 73 және 78, 85 келіге дейін,  сондай-ақ  85 келіден жоғары салмақта күш сынасты. Спорттың бұл түрінен елордалық 5573 әскери бөлімі  бас жүлдеге ие болса, бұл жолы да "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал ҰҰ Әскери институының құрамасы үшінші орын алды, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі  бастығы Бағдат Амангелді.

Жеңімпаздар кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыстар  коронавирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін барлық  санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілгенін ескертеміз.

Өскеменде Республикалық  Президенттік әскери көпсайыс өтті
Өскеменде Республикалық  Президенттік әскери көпсайыс өтті
Өскеменде Республикалық  Президенттік әскери көпсайыс өтті
Следующая новость

Новости по теме

Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Облыс бойынша "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыс орталығы Өскемен қаласында республикалық "Дәрігерлерді ардақтайық" акциясы ұйымдастырылды
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
24 сәуір күні облыс орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Тұрғындар жол жөндеу, арық қою, жарық тарту мәселелерін көтерді
Новости Усть-Каменогорска и ВКО -
Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин Зайсан қаласында әлеуметтік маңызы бар, тұтунышылардың сұранысына ие кір сабын өндірумен айналысып отырған кәсіорын иесімен кездесіп, өнімдерін көріп қайтты