30 желтоқсан 2020 года, 10:54
Алексей Сафонов

Тісімен 26 тонна вагонды сүйреді

Алматылық Александр есімді жігіт елімізде бұрын соңды болмаған рекорд орнатты
Источник: КТК Фото: Скриншот из сюжета телеканала КТК
Ол 26 тонна болатын вагонды 2,5 метрге дейін тісімен жылжытып, Қазақстанның "КИНЭС" рекордтар кітабына енді. Еске салайық, бұл оның осыған дейін жасаған екінші рекорды, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Мен әуелі ғаламтордан америкалықтардың көлікті қалай сүйреп жатқанын көрдім. Содан бастап қызығушылығым оянып, жеңіл көліктерді тісіммен жылжыта бастадым. Нәтижесінде осындай деңгейге жеттім. Бұл жаттығуды орындау өте күрделі әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай жаттығуды ешкімге қайталамауға кеңес беремін, - деді рекордсмен Александр Данчев.
Осы әрекетімен ол Қазақстанның "КИНЭС" рекордтар кітабына еніп отыр.
- Біздің Қазақстан рекордтар кітабының басқа рекордтардан ерекшелігі адамның денсаулығына зақым келетін рекордтарды тіркемейміз. Бірақ жаңағы рекорд спортқа жатады, – деді Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков.
Следующая новость