12 ақпан 2021 года, 14:46
Алишер Кабдуалиев

Қазақстанда студенттер шәкіртақысы екі есеге өседі

Үкімет басшысы Асқар Мамин Петропавл және Шымкентте озық үлгідегі екі ЖОО құрылатындығын айтты
Источник: Zakon.kz Фото: Архив редакции
Ұстаздардың айлығы 2023 жылқа қарай 2 есе өседі. Олардың орташа жалақысы осылайша жыл сайын кемінде 25 пайызға көбейіп отырады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Үкімет Nur Otan партиясының Мәжілістегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті жол картасының жобасын ұсынды.

- Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден аса артады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі. 2023 жылға қарай білім беру жүйесі 100 пайыз білікті мұғалімдермен қамтылады. Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі. Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі. Ал магистранттар мен докторанттар шәкіртақысы жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі, - деді ол.

Сондай-ақ Премьер-министр мектептер мен университеттердің мәселесіне тоқталды.  

- 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады. Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процессін ұйымдастыруға қажет тағы да басқа жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылы Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында озық үлгідегі 2 жоғары оқу орны құрылады, - деп уәде етті Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы айтқан тағы бір жаңалық - жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі.
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Новости Казахстана и регионов на сегодня -
В ходе беседы также были рассмотрены принимаемые меры по привлечению иностранных инвестиций в экономику страны
Қазақстан 15:53 226
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Премьер-Министр России выразил готовность обсудить с Маминым вопросы дальнейшего взаимодействия в борьбе с коронавирусом
Қазақстан 09:11 277
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Главе государства также доложили о принимаемых мерах по привлечению инвестиций, поддержке занятости населения, обеспечению стабилизации цен на социально значимые товары
Қазақстан 12:46 504
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Президент сообщил, что ранее принятое решение о повышении стипендии студентам, обучающимся на педагогов,  дало хороший результат
Қазақстан 13:28 1531
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Премьер-министр РК заявил, что правительство планирует в разы увеличить инвестиции в область обработки и хранения данных, доли электронной торговли
Қазақстан 14:42 321