26 маусым 2019 года, 15:00
Алексей Сафонов

Жедел жәрдем бригадасына рецепт жазуға рұқсат етілуі мүмкін

Жанат Омарбекова әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынғанын атап өтті
Источник: Zakon.kz Фото: transsibinfo.com

Мәжіліс депутаттары жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолдаған депутаттық сауалында дәрі-дәрмек мәселесін көтерді.

Депутат дәріханаларда дәрі-дәрмектің тек қана рецепті бойынша берілуін қолдап отыр. Айтуынша, халық көп жағдайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбей, өздері емделгенді құп көреді. Бірақ мұның салдары өте ауыр болуы мүмкін дейді ол.

- Өкінішке қарай, адамдар ауру белгілері байқала бастаған кезде, учаскелік дәрігерге емес, дәріханаға жүгіреді. Әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Бұл тұрғыдан препараттарды сатуға бақылауды күшейткен жөн, әрине, - деді Омарбекова мәжілістің жалпы отырысында.

Десек те, ол денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл жағдайларда жүгінген азаматтарға рецепт жазып беру тетігін әзірлеуді ұсынды.

- Жедел жәрдем бригадаларына рецепті жазып беруге рұқсат етіп, кейін пациенттің жүгінгені туралы учаскелік дәрігерге хабар беру қажет деп санаймыз, - деді депутат.

Следующая новость
Telegram


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстандағы медицина -
По словам министра здравоохранения, основная цель сейчас - недопущение распространения инфекции в стране
Қызықтылар -
Министерство здравоохранения Московской области рассказало, чем в некоторых случаях может грозить маникюр и наращивание ресниц
Общество в Казахстане -
Конкурс «Парыз» направлен на формирование и повышение корпоративной социальной ответственности частных предпринимателей перед обществом для улучшения благосостояния населения
Қоғам 12:44 2537