17 қыркүйек 2020 года, 13:58
Айдана Меирбаева

Көпбалалы отбасы қашықтан оқу үшін берілген ноутбукті сатпақ болған

Тегін хабарландырулар сайтында жаңа ноутбук сатылатыны туралы жазбалар пайда болған. Ал оны "Салиқалы ұрпақ" қоры мұқтаж отбасыларға тегін таратқан
Источник: Sputnik Казахстан Фото: Из архива редакции
Сатушылар қордың жапсырмасы бар фотосуретті ашық жариялағаны хабарланды. Бірнеше минуттан кейін хабарландыру өшірілген, бірақ ол мұрағатта сақталып қалған, деп хабарлайды Baigenews порталы.

Ұйым өкілдері ноутбукті сатылымға шығарған отбасымен кездескенде көпбалалы отбасы қиын жағдайда өмір сүретіні және ноутбуктен түскен ақшаны тамаққа жұмсамақ болғаны анықталған.

"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры мұқтаж жандарға көмектесуге әрқашан дайын. Биылғы оқу жылында біз аз қамтылған отбасылардың балалары бағдарламадан тыс қалмасын және онлайн режимінде қиындықсыз оқисын деген үмітпен біз Алматы қаласы мен Алматы облысында 1000 ноутбук сыйға тарттық. Кейін олардың біреуі сатылымға қойылғанын білгенде қатты қынжылдық. Жағдайды білгенде, біз отбасыға тамақ керек екенін түсіндік, сондықтан біз бірден көмектестік. Өздеріңіз білетіндей, "Салиқалы Ұрпақ" қоры ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді. Біз бұл отбасын тізімге қосуды жоспарлап отырмыз. Ата-аналар мен балалар не ішіп-жеймін деп алаңдамай, білім алғанын қалаймыз. Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі, - деді қордың директоры Қасым Қасабеков.

Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
В Управлении образования Восточно-Казахстанской области ответили, какие новшества ждут старшеклассников и студентов-первокурсников
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Как сообщили пресс-служба премьер-министра РК, с начала третьей четверти казахстанские школьники 9, 11 и 12 классов перейдут на комбинированное обучение
Қазақстан 17:02 8487
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
Главный государственный санврач Нур-Султана Жанна Пралиева сообщила, что в столице рассматривается возможность перехода школ на дистанционное обучение из-за роста заболевших КВИ
Қазақстан 12:41 1009
Новости Казахстана и регионов на сегодня -
В регионе во второй четверти обучения уже зарегистрировано 159 случаев инфицированных, в то время как в первой четверти было лишь 40 зараженных
Қазақстан 16:32 351
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
В полиции рассказали, что во время дистанционного обучения участились случаи получения травм детьми