11 қаңтар 2019 года, 16:19
Анна Коцарева

Өскеменде жас отбасы үйсіз қалды

Үйлері өртенген жас отбасыға материалдық көмек қажет: ең алдымен, киім және мектепке арналған құрал-жабдықтар
Источник: Устинка LIVE Фото: Устинка LIVE
Семья осталась без крыши над головой в Усть-Каменогорске

Өрт сөндірілді, алайда үйде тұру мүмкін емес. Қазіргі уақытта отбасы уақытша туыстарын паналап жүр және үйді біртіндеп қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Үйде өрт әсерінен барлық заттар қираған.

- Сол күні үстімізге киіп жүрген киіммен ғана қалдық. Тұрмыстық техника туралы ештеңе айта алмаймын, - дейді үй тұрғыны Анна.

Жас отбасы көмекке зәру. Ең алдымен киім керек. Отағасы Владимирге 50-52 киім-кешек және 43-44 өлшемді аяқ киім қажет. Анна үшін 46-48 өлшемді киім және 39-40 өлшемдегі аяқ киім, үлкен 13 жасар ұлы Игорьге 44-46 өлшемді киім және 43-44 өлшемді аяқ киім қажет. Ең кіші қызы Ксения алты жаста, бойшаң, 7-8 жастағы қыздардың киімі де жарайды.

Сондай-ақ, отбасыға мектепке керек жабдықпен, төсек-орынмен және тіпті азық-түліктей көмек беруге болады. Жас отбасына көмектесуге ниет білдірушілер болса, Анна Гётедің телефон номерлеріне (8-777-742-00-52) және оның жұбайы Владимирге ( 8-777-702-03-81 ) хабарласа алады.

Следующая новость


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
По словам специалистов УЧС города Усть-Каменогрска, основной причиной пожаров в таких строениях становится человеческий фактор
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
По данным УЧС города Усть-Каменогорска, за прошедший год огонь стал причиной гибели 22 человек
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
20-летней Алине Кошелевой с синдромом Дауна вручили билеты на шоу с участием российского фигуриста
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Пожар произошел ночью 9 января в подземном пешеходном переходе на проспекте Независимости
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Двое детей – семи и пяти лет остались в горящем доме, когда на помощь к ним подоспели неравнодушные горожане