14 маусым 2019 года, 12:34
Назерке Кәрімова

Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек

Өскеменде медицина қызметкерлері күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиада өтті
Источник: Алдаспан Фото: Қоғам дамуын ақпараттық қолдау Қорынан
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек

Өз кәсіби мерекелері қарсаңында қаладағы емханалардың дәрігер, медбике, фельдшер, санитарлары мен медицина саласының басқа да қызметкерлері өзгені емдеумен ғана шектелмей, өз саулықтарын да қалай сақтау керектігін көрсетті. Бұл спартакиаданың ұраны - "Дені сау дәрігер – дені сау пациент". Қаладағы медицина ұйымдарынан құралған 16 команда 5 спорт түрі бойынша күш сынасты – шағын футбол, арқан тартысу, жеңіл атлетика эстафетасы, шахмат және тоғыз құмалақ.

- Жыл сайын Дәрігерлер күні қарсаңында әркімнің салауатты өмір салтын ұстануы қажеттіг кқрсеткіміз келеді. Өйткені дәрігерлер өзгелерге үлгі болуы керек, - дейді медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Михаил Айзенберг.

Қаладағы медицина мекемелерінің алты бірдей бас дәрігері командаларына қолдау білдіру үшін жарыс алаңына келген.

- Біз белсенді демалысты жақсы көреміз. Ауруханамызда дәрігерлер үшін арнайы жабдықталған спорт залы бар. Қалаған қызметкер жұмыстан кейін қалып, жаттығу жасай алады, - дейді Защита темір жолы ауруханасының бас дәрігері Наталья Глуходедова.

Қызметкерлер де білек күшін көрсетіп қоймай, өнерлерін де ортаға салды. Әр команда ерекше таныстыру дайындап әкелген, оны да әділқазылар есепке алды.

Спартакиада нәтижесінде өткен жылы жеңімпаз болған Ана мен бала орталығының ұжымы ауыспалы кубокті бұл жолы облыстық ауруханаға табыстады да, өздері 2-орынды қанағат тұтті. Ал 3-орын Жедел медициналық көмек стансасына бұйырды.



Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Дәрігерлер көпке үлгі болуы керек
Следующая новость


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Алакөл жағалауындағы демалыс базаларында туристердің саны жыл санап артуда
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Тұрғын үй кезегі туралы ақпаратты электронды үкімет порталы немесе "Mgov" мобильді қосымшасы арқылы алуға мүмкіндік бар
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Пробация қызметінің басты міндеттерінің бірі - қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған адамдарға  әлеуметтік құқықтық көмек көрсету және алғаш әңгімелесу  барысында сотталған  қандай көмекке мұқтаж екендігін анықтау болып табылады
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Үржар ауданы биыл 132 тонна етті Өзбекстанға экспорттаған.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин айтып берді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті ОВ-156/2 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында «Жаздық спартакиаданың» салтанатты түрде ашылуы өтті