17 маусым 2019 года, 19:42

Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларының өлкетану-зерттеу экспедициясы басталды

ШҚО-ға Павлодар мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік оқушылары "Туған елге тағзым" өлкетану-зерттеу экспедициясымен келді
Источник: Алдаспан Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі
Аталған жоба "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталған. Барлығы 28 оқушы бір апта бойы облысымыздағы тарихи нысандарды, қорық-мұражайларды аралап, ірі өндіріс орындарының жұмысымен таныс болады.
- 2012 жылдан бастап елімізде жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба – оқушыларға танымдық білімдерін шыңдауға, ғылыми жобаларын практикалық негізде әзірлеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мектепаралық байқауларда, олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанған оқушылар еліміздің әр өңірлеріне өлкетану-зерттеу экспедициясына жолдама алады, - деді Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұпат Ерниязова.
Бірінші күні экспедиция мүшелері Өскемен қаласындағы "Азия Авто" кәсіпорнында болып, "Ақбауыр"  тарихи-археологиялық кешеніне танымдық жолсапар жасады. 

– Мен Өскемен қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Осы экспедиция құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Ғылыми жұмысым машина құрастыру саласына байланысты болғандықтан, еліміздегі ірі машина жасау зауыты "Азия Авто" кәсіпорнының жұмысын көріп, өзіме қажет техникалық, ақпараттық-танымдық мәлімет алдым,- деді Шымкент қаласының 9-сынып оқушысы Сейтек Байназар.

 Алдағы күндері оқушылар жетекшілерімен бірге "Абай-Шәкәрім" мемориялдық кешенінде, ірі агроөнеркәсіп шаруашылықтарында болып, балық аулау және бал орталықтарының жұмысымен танысады.
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Осыдан 6 жыл бұрын елордада Zerdeli ақыл-ой дамыту орталығының негізі қаланды. Уақыт өте келе орталық үлкен мектепке айналды
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
6 сәуірден бастан облыстағы барлық мектеп оқушылары қазіргі таңда колледж студенттері  білім алып жатқандай қашықтан оқи бастайды
Газет мақалалары -
Биыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы 70 жасқа толды
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Республиканың түкпір-түкпірінде ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында конференциялар өткізіліп жатқаны белгілі
Газет мақалалары -
Кейбір білім ұяларында ақша жинау науқаны қыза бастайтын шақ та  таяу