18 қазан 2019 года, 10:35
Наталья Хижняк

Өскеменге төмен байытылған уранның алғашқы партиясы келді

Шығыс Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі алғашқы материалды сақтауға партияны қабылдады.
Источник: Интерфакс Фото: mfa.gov.kz
В Усть-Каменогорск прибыла первая партия низкообогащенного урана
АЭХА ТБУ Банкінде атом электр станцияларында стандартты жеңіл су реакторында отын өндіруге жарамды 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады. ТБУ бұл қоры радиоактивті қалдық емес, халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді және АЭХА-ға мүше мемлекеттер саяси себептермен дәстүрлі отын жеткізілімінің тоқтатылуына ұшыраған жағдайлар үшін қарастырылған.
- Қазақстан мен АЭХА инвестицияларының арқасында, осы салада көп жылдық тәжірибесі бар Үлбі металлургиялық зауытының негізінде материалды қауіпсіз сақтау үшін қажетті инфрақұрылым құрылды, - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
АЭХА ТБУ банкі - Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы жетекші рөлін растайтын маңызды үлесі.
АЭХА ТБУБ үшін материалдарды жеткізушілер - қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық «Орано-Цикл» компаниясы.
Қазақстан мен АЭХА арасында АЭХА ТБУБ құру туралы құжаттарға қол қою рәсімі 2015 жылы тамызда АЭХА Бас директоры Юкия Аманоның Елордаға сапары кезінде өтті.
Айта кетейік, АЭХА-ның Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі халықаралық жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сәтті жүзеге асырылды.
Следующая новость



Тақырып бойынша жаңалықтар

Политические новости Казахстана -
Министр иностранных дел Казахстана Мухтар Тлеуберди сообщил, что дата проведения переговоров по Сирии может сдвинуться на ноябрь
Саясат 12:43 420
ЖКО -
В результате происшествия с туристическим автобусом пострадали и были госпитализированы пятеро граждан Казахстана
ЖКО 09:32 1085
ТЖ -
В районе Гиза в Каире 19 мая взорвалось подложенное на проезжую часть дороги самодельное устройство
ТЖ 09:56 988
Политические новости Казахстана -
Казахстан выступает за полное соблюдение всеми сторонами Договора о нераспространении ядерного оружия (ДНЯО)
Саясат 18:15 1110
Политические новости Казахстана -
Очередной раунд сирийских переговоров в Нур-Султане в рамках астанинского процесса пройдет 25-26 апреля
Саясат 16:57 1092