25 қазан 2019 года, 12:51
Анна Коцарева

"Торпедо" ХК жанкүйерлерін көшпелі ойындарға шақырады

Өскемендік хоккейсүйер қауым үшін командамен бірге Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларына бірге аттану мүмкіндігі туды
Источник: Устинка LIVE Фото: hc-torpedo.kz

Сапарды "Торпедо" ХК фан-клубы ұйымдастырады. Бұл бірінші рет ұйымдастырылып отырған шара емес. Белсенді жанкүйерлер бұған дейін де командамен бірге бергісі Қарағанды, арғысы Ресейдегі ойындарға бірге барып, қолдау білдіріп жүр.

- 1 қараша күні сағат 13.00-де Б. Александров ат. Спорт сарайынан шығамыз да, 2 қараша күні нұр-Сұлтан қаласына жетіп, "Барыс" – "ЦСКА" матчына барамыз. 3 қараша "Торпедо" – "Номад", 4 қарашада 13.00-де Қарағандыға аттанамыз. 5 қарашада "Торпедо" – "Сарыарқа" матчына қатысамыз. Матчтан кейін Өскеменге қайтамыз, 6 қараша күні үйге келіп қоямыз, - дейді ұйымдастырушылар.

Сапар іске асу үшін кемінде 30 адам жиналуы керек. Орын саны шектеулі.

Сапарға қосылу үшін фан-клуб көшбасшысы Алексей Кутьковқа хабарласу керек: 8-777-350-05-35.

Айта кетерлігі, тек 16 жасқа толғандар ғана бара алады. Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға ата-анасының рұқсаты керек.

Следующая новость