Жүргізушілерді Үлбі көпірінің астына құйылып жатқан су шошытты
Спорт сарайы маңында Үлбі көпірі астымен өткен жүргізушілерге көлік үстіне лай су төгілмес үшін бұлтаруға тура келді.
- Көпірдан ағып жатқан су лас. Мұндайды күтпеген едім, шошып қалдым. Жолда судан қашып, оң-солға бұлтаруға тура келді. Кәрізден лай су төгіліп жатса керек деген ойда қалдым, - дейді жүргізушілердің бірі Гүлнар.
Бұл уақытта "Өскемен Тәртіп" коммуналды кәсіпорын қызметкерлері жаяужол үстін жуып жатқан екен. Сондықтан да су астына төгілген.
- Біз шеберге алдағы уақытта абай болуды ескертетін боламыз, - дейді кәсіпорын баспасөз хатшысы Владимир Землянский.
Жүргізушілер жаяужолды жуған дұрыс, алайда үстінен сумен бірге тас қиыршығы түсіп, көлікке зақым келмесе болғаны дегенді алға тартады.