25 қыркүйек 2020 года, 11:39
Виктор Скрипниченко

Құтқару қызметіне тұрғын үйлерге өту қиын болып тұр

Облыстың өрт сөндірушілері тұрғындардың өздері үшін маңызды мәселеге назар аударуын сұрайды
Источник: Устинка LIVE Фото: Устинка LIVE
Өскемен қаласы үйлерінің аулалары жалын ауыздықтаушы қызмет үшін бас қатырар мәселеге айналды. Көліктерін қалай болса солай қойған автокөлік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі жасап қана қоймай, өзгелердің өмір қауіпсіздігі үшін де кедергі келтіріп отыр.

Өскеменнің өрт сөндірушілері апаттық жағдай орын алған межелі жерге жеткізетін төте жолдармен жүріп тексеріп көрді. Ауладағы тар жолдар құтқару қызметінің көлігіне арналмаған. Техника көлігі әрең сыятын жерден тұрғындар көліктерін қойып тастағанда өту мүлде мүмкін емес.

Карбышева көшесінің ауласын автотұрақ қылып алған көліктердің кесірінен қауіпсіздік қызметінің машинасы жиектасқа шығып кетуге мәжбүр болды. Ал түнгі уақытта жеңіл автомобильдің өзі бұрылатын жер қалмайды.

Славский атындағы жағалауда орналасқан үйлердің ауласына да тілсіз жаумен күресушілер  өте алмады. Апат орнына жете алмаудың себебі – темір тұлпар тізгіндеуші тұрғындар. Егер бұл дайындық емес, шын оқыс жағдай болғанда адам шығынын айланып өтпес еді. Тіпті, дауысы қатты дабыл белгісінің өзі көмектеспеді: бір де бір тұрғын "көлігім бөгет жасап тұрған жоқ па екен" деген оймен терезесінен сығалап та қараған жоқ.
- Бұл – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құтқару жұмыстарына тар аулада тұрған автокөліктер көп кедергі келтіреді. Жақында өткен іс-тәжірибе дайындығы барысында техника көліктерді орнынан итеріп қозғап жол ашып берген жағдай болды, - дейді ШҚО ТЖҚ өрт қауіпсіздігі басқармасының орынбасары Азамат Мұқашұлы.
Өскемен қалалық жол-техника инспекциясының бастығы, полиция полковнигі Сергей Коваленконың айтуынша, тұраққа қойылған көлік пен қарама-қарсы жолдың арасы 3 метр қашықтықтан аз болғанда ғана көлік қоюға тыйым салынады. 3 метр қашықтық сақталған жағдайда да өтуге кедергі келтіріп тұрса, автокөлік иесіне шара қолданылмайды. Алайда, өрт сөндіру көлігі апат орнына тұрақтағы көліктер кесірінен жете алмаса, "ереже бұзушыға" 597 бап бойынша 5АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Әлемнің кейбір елдерінде, осындай жағдай орын алса – жол үстіндегі кедергі келтіруші автомобильді өрт сөндіру техникасымен "күреп" өтіп кетуге рұқсат етілген заң бар. Ал темір тұлпарға келтірілген шығынды мемлекет өтеп береді. Әрине, оларда адам өмірі қымбат болып тұр ғой. Ал бізде, құтқарушыларға үлгерсең де үлгер, үлгермесең де үлгер дейді.

Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Криминал -
Криминальный мир так устроен, что даже в кризисные периоды пытается извлечь для себя максимальную прибыль
Криминал 09:43 130
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Мужчина без определенного места жительства скончался по предварительным данным от приступа эпилепсии
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
По прогнозу РГП "Казгидромет", в ноябре температура воздуха будет около нормы, а в декабре-январе выше нормы на 1 градус, при этом обилия осадков не ожидается
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Случай произошел 22 октября, к счастью, пожарным удалось предотвратить мощный взрыв
Оқиғалар -
Несчастье случилось вчера, 22 октября, около 17.00 по улице Южной в селе Пролетарка Уланского района
Оқиғалар 14:31 161