23 қараша 2020 года, 11:54
Таунар Қайрат

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" фотобайқауы ұйымдастырылды

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастыруымен "Абай бол..." жобасы аясында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауы ұйымдастырылды.
- Байқауға әр ауылдық округтен 7 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасы үміткерлердің Абай образындағы киіміне, образға шынайы тұлғалық ұқсастығына, фотосуреттердің сапасына баса назар аударды. Тағылымы мол байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар ережеге сәйкес суреттерді саралап, жеңімпаздарды анықтады, - деп мәлімдеді Ұлан ауданы әкімдігіндегілер.
Бас жүлдені Айыртау ауылынан Абай Каметаев иеленсе, бірінші орынды Қасым Қайсенов кентіндегі бес жасар кішкентай қатысушы Төре Қабдуалиев иеленді. Екінші орынды Алмасай ауылынан Амангелді Қасен иеленсе, үшінші орынды Асубұлақ кентінен Сержан Амангелдіұлы иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Абай Қаметаев - Бас жүлде иегері
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Бүгін, 10 қаңтарда таңғы сағат 9-ға дейін облыстың Ана мен бала орталығындағы жабық сайлау учаскесінде 167 әйел дауыс берді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы сайлау учаскесіне келіп дауыс берді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Өскеменде тұратын ҰОС ардагері Михаил Кравченко алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 94 жастағы қария таң бозынан тұрып, сайлау учаскесіне өзі келді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Курчатов қаласындағы ақ жаулықты әжелер сайлауға барып, өз таңдауын жасады
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Тарбағатайлық Асанәлінің анасы халықтан жәрдем сұрайды