23 қараша 2020 года, 10:25
ШҚО-да онлайн қаржы пирамидасын құрғандар құрықталды
Облыстық Экономикалық тергеу департаментінде жыл басынан бас-тап қаржы пирамидасына қатысты бірнеше факт тіркелген
Фото: редакция мұрағатынан
Қазіргі уақытта департамент қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 3 адамға қатысты қылмыстық істі қаралуда. Олар "WhatsApp" желісі арқылы топтар құрып, алғашқы жарна бойынша алдымен ақша салып, кейін үстіне пайыз қосып қайтарамыз деп уәде берген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес, осындай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мал-мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалады.
Следующая новость
- Мәселен, егер осы жобаға ақша салған адамдарға 100 мың теңге салсаңыз, оны екі айдың ішінде 200 мың теңге етіп қайтарамыз деп уәде берген, - деп хабарлады Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта 113 жәбірленуші анықталып отыр. Алайда қаржылық пирамиданың жүйесі бойынша алғашқылары ғана ақшаларын үстемелеп алған. Кейінгілердің салған қаражаты қайтарылмаған.Облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті азаматтарға қаржы пирамидаларын жарнамалаған және осылай халықты алдағандар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес, осындай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мал-мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалады.
- Егер сізге қаржы пирамидасының қызметіне қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, департаменттің 8-7232-29-56-51 сенім телефоны немесе Өскемен қаласы Новаторов көшесі, 7/2 мекенжайына хабарласуларыңызды сұраймыз, - дейді Экономикалық тергеу департаментіндегілер.
Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін, 10 қаңтарда таңғы сағат 9-ға дейін облыстың Ана мен бала орталығындағы жабық сайлау учаскесінде 167 әйел дауыс берді
Усть-Каменогорск и ВКО
15:38
62

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

Өскеменде тұратын ҰОС ардагері Михаил Кравченко алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 94 жастағы қария таң бозынан тұрып, сайлау учаскесіне өзі келді

Курчатов қаласындағы ақ жаулықты әжелер сайлауға барып, өз таңдауын жасады

Тарбағатайлық Асанәлінің анасы халықтан жәрдем сұрайды