22 желтоқсан 2020 года, 12:38
Валерий Чернов

Семейлік дзюдошылар еліміздің ең үздіктері атанды

Ақтау қаласында дзюдо күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында шығыс өңірінен барған құрама тамаша нәтиже көрсетті
Источник: Устинка LIVE Фото: olympic.kz
Семейдің дзюдо мектебінен шыққан, Шығыс Қазақстан облысы атынан додаға түскен саңлақтар екі – алтын, үш – күміс, екі қола медальді қанжығалап, командалық есепте 1-орынға тұрақтап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Алғашқы алтын алқаны қоржынға салған 2017 жылы өткен азия ойындарының қола жүлдегері Зере Бектасқызы болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрт жекпе-жек өткізіп, 1/8 кезеңде Түркістандық Ақерке Құрбаналиеваны, 1/4 кезеңде Жамбыл облысынан келген Асылжан Орынбасарованы, 1/2 кезеңде Алматылық Жанар Қашқынды және ақтық мәреде Түркістандық Перизат Жақыпбекованы айқын басымдылықпен жеңді.

Екінші алтынды еншілеген 2017 жылы өткен Дүниежүзілік универсиада ойындарының қатысушысы Әділ Оразбаев. Супер ауыр салмақтағы финалдық бәсекеде 2019 жылы Мароккода өткен әлемдік Гран-придің күміс жүлде иегері, өзінің жерлесі Ерасыл Қажыбаевпен күресті. Екеуі де жақсы деңгей танытты. Бірақ ұпай бойынша жеңіске жеткен Әділ Оразбаев болды.

2018 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы, 63 келі салмақта күрескен Кристина Сотникова мен 2017 жылғы Азия біріншілігінің жүлдегері, 78 келі салмақта сынға түскен Назерке Тілеуханова күмістен алқа тақты.

Екі қола жүлденің иегерлері – 2018 жылы Әлем чемпионатының күміс медалін таққан Ерлан Серікжанов пен Қазақстан Республикасы біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері Зарина Сарипова.

ШҚО құрамасын бастап барған елімізге еңбегі сіңген бапкер – Бақытбек Дуанов.
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
"ХХХХ Апрельская многодневка", проходившая с 10 по 18 апреля, объединила в себе более 100 спортсменов, самому взрослому из которых 80 лет
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
По информации областного акимата, с 21 по 27 марта в городе Щучинск Акмолинской области прошел Кубок Казахстана по лыжным гонкам
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
В Алматинской области на огневых рубежах в лыжно-биатлонном комплексе РШВСМ "Алатау" завершился II этап розыгрыша Кубка РК
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Шведский Идре в ноябре был удачен для нашего Дмитрия Рейхерда, здесь он выиграл бронзовую награду FIS-старта, однако до финала так и не дошел
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
История Дмитрия Степанова — это путь мечте, мужчина рискнул и не прогадал, его жизнь изменилась в корне