06 сәуір 2021 года, 12:10
Валерий Чернов

Хоккейден плэй-офф ойындарынан ҚР біріншілігінің жартылай финалы

Қарағандылық "Сарыарқа" бұл кезеңде астаналық "Номадты" 4: 0 есебімен жеңіп, келесі айналымға бірден өтті
Источник: Устинка LIVE Фото: hctorpedo.pro
Ал өскемендік «Торпедо» финалға шығу үшін барын салцып жатыр. Бірақ әзірге көкшетаулық "Арланға"  1: 3 есебімен есе жіберіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Сарыарқа" өз мұз айдынында екі ойында да жеңіске жетті. 3: 1, 3: 2 және 2: 1, 2: 0 есебімен "Номадты" жеңіп кетті. "Көшпенділердің" мұндай жеңілісі үлкен сәтсіздік болды. Өйткені плей-офф кезеңінде осы құрамада бұрын"Барыс" ҚХЛ-дың көптеген ойыншылары ойнады.

"Торпедо" мен "Арлан" арасындағы тартыс әлдеқайда шиеленіскен түрде өтті. Қарсыластар ең алдымен Өскеменде өткен сайыста алма-кезек жеңіп-жеңілді. Нәтиже - 1: 2, 2: 1. Содан кейін командалар Көкшетауда бақ сынасты. Көкшеліктер ол жерде де "Торпедоға" ойсырата соққы беріп, 4: 2, 3: 2 ұпайымен жеңіске жетті. Өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша «Арлан» әзірге көш бастап тұр.

Келесі жолдастық кездесу 7-ші сәуірде Борис Александров атындағы спорт сарайында, яғни "Торпедоның" мұз айдынында өтеді. Егер Арлан жеңсе, ол финалға шығады. Егер "Торпедо" жеңсе, қарсыластар алтыншы матчты 10-шы сәуір күні Көкшетауда өткізеді.

Следующая новость