28 мамыр 2021 года, 16:40
Назерке Кәрімова

ШҚО Пробация қызметі жазасын өтеушілерді емханаға жіберіп жатыр

ШҚО-да пробация қызметкерлері сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату үшін емдеуге жолдап жатыр
Фото: ШҚО Пробация қызметінен
Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары - білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі - қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес. 

- Сондай сотталғандар қатарында А. есімді азамат та бар. 2020 жылдың қыркүйек айында абайсызда жолдасын пышақтап алғандықтан, қазіргі уақытта ҚР ҚК 106-бабы 1-тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, әрі өзі жалғыз тұрғандықтан тағдырдың ауыр сынына төзбей ішімдікке одан бетер салынып кеткен. Пробация қызметкерлері сотталған азаматқа қол ұшын созып, аталған азаматты толықтай медициналық тексеруден өткізіп, ШҚО бойынша облыстық наркология диспансеріне емделуге жатқызды. Сонымен қатар, дәл осы жағдайдағы азамат К.-ға да жәрдемдесіп, қазіргі уақытта наркологиялық емделуге қызметкерлердің бақылауымен бірге барлық талдауға қаржылай көмек көрсетіліп, сотталғандардың есірткі қабылдауын тоқтату мақсатында емдеудің толық курсын стационарды түрде жүргізіп жатыр. Сотталғандардың туыстары пробация қызметкерлеріне алғысын білдіріп жатыр, – деді пробация аға инспекторы Алуа Камитова.
Следующая новость
Telegram


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Аягөз қаласындағы  Қазақстан Қарулы Күштері, Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан ардагерлермен жүздесті
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Тана мырза ауылында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Тоқаш Ешмұханбетовтың ұрпақтары әкелерінің атына арнап саябақ салуда
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Кейінгі жылдары Қарағаш ауылдық округінде атқарылып жатқан істер көңіл қуантады
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Ел аман, жұрт тынышта адамдардың жоғалуы алаңдатарлық жағдай, бірақ бүгінгі қоғам мұндай жаңалықтарға селт етпейтін болғандай. Байланыстың, технологияның кез келген түрі дамыған заманда адамның іс-түссіз жоғалатыны ойға қонымсыз көрінеді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
"Қара археологияның" қазынасы қара базарда сатылады