28 мамыр 2021 года, 17:03
Әйгерім Зайнолдинова

Үржарда былтыр жөнделген жолдарды қайта жөндеп жатыр

Үржар ауданында былтыр жөнделген Абылайхан даңғылында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: Үржар ауданы әкімдігінен
"Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын Абылайхан даңғылына былтыр толықтай асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
- Орынбасарым аудан орталығындағы Абылайхан даңғылы бойында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп шықты. Қазір мердігер компания есебінен Абылайхан даңғылындағы жасалған жолды қайтадан жөндеу жұмыстары қолға алынды, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Егінсу ауылының да жолы басталмай жатып аяқсыз қалған көрінеді.
- Ағымдағы жылы асфальт төсемесіне даярлау жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, жолды қырып, тегістеп және қиыршық тас төгу жұмыстары жүргізіледі. Ал асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес қаражат бөлінген жағдайда жүргізілетін болады, - деді аудан әкімі.

Следующая новость
Telegram


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Аягөз қаласындағы  Қазақстан Қарулы Күштері, Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан ардагерлермен жүздесті
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Тана мырза ауылында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Тоқаш Ешмұханбетовтың ұрпақтары әкелерінің атына арнап саябақ салуда
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Кейінгі жылдары Қарағаш ауылдық округінде атқарылып жатқан істер көңіл қуантады
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Ел аман, жұрт тынышта адамдардың жоғалуы алаңдатарлық жағдай, бірақ бүгінгі қоғам мұндай жаңалықтарға селт етпейтін болғандай. Байланыстың, технологияның кез келген түрі дамыған заманда адамның іс-түссіз жоғалатыны ойға қонымсыз көрінеді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
"Қара археологияның" қазынасы қара базарда сатылады