29 шілде 2021 года, 16:45
Назерке Кәрімова

Қабанбай ауылдық округіндегі мектеп жарты ғасыр жөндеу көрмеген

Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округіндегі К. Төгісов атындағы орта мектеп 1970 жылдары салынған. Содан бері ішнара болмаса, толыққанды жөндеу көрмеген
Фото: Тарбағатай ауданы әкімдігінен
Ауылдық елді мекендер үшін білім нысандарының талапқа сай болуы үнемі назарда. Аудан әкімдігіндегілер мәлімдегендей, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасымен республикалық және жергілікті бюджеттен жиыны 212 млн 421 мың теңге бөлініп, мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Осы мектепте 33 жыл қызмет істеп, талай шәкіртке тәлімді тәрбие, бәсекелі білім берген зейнеткер-ұстаз Ғибат Мамырбекова да білім ордасының жаңа сипатқа енетінін естіп-көріп айрықша қуануда.
- Оқушылардың заман ағымына байланысты талапқа сай жабдықталған мектепте оқуы олардың білімге деген ынтасын одан әрмен арттырады, - дейді ардагер ұстаз. - Ауылдағы бірден-бір маңызды нысандардың қатарындағы мектептерге ұдайы қолдау жасап отырған облыс әкіміне ризашылымды білдіремін.
Следующая новость
Telegram


Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Баршатас аулында қазір 1750 адам өмір сүреді
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Қазақстандағы ең алғашқы азан Аршатыда шақырылады
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
1 қыркүйек - білім күнінде жауған жаңбыр мен бұршақтан кейін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейдің төбесінен сорғалап су ағып кетті
Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
Маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпірдің құрылысы басталады дегенде ел ерекше қуанғанымен, қазір жұмыс тоқтап, облыс орталығынан шалғайдағы Күршім, Марқакөл өңірі халқының көңіліне қайта кірбің ұялай бастады