15 желтоқсан 2019 года, 10:54
Алексей Сафонов

Волейбол турнирінде көкпектілік балалар бірінші орынды иеленді

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ спорт залында Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жасөспірімдер мектептерінің командалары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған волейбол турнирі өтті
Источник: Устинка LIVE Фото: ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚО мектеп лигасының волейбол федерациясы бекіткен жүлделерге 2007-2008 жылы туған балалар ойнады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алғашқыда турнирді екі күн бойы жеті команданың қатысуымен өткізу жоспарланған болатын, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Тарбағатай, Жарма және Зайсан аудандарының командалары келмеді. Сондықтан да турнирге Көкпекті және Ұлан аудандарының, Семей және Өскемен қалаларының өкілдері қатысты.

Көкпекті ауданының ұлдары (жаттықтырушы Ержан Мухаев) өз матчтарын бір жеңіліссіз өткізді. Олар өз қарсыластарын 2:0 есебімен жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін бір апта бұрын осындай турнир өтті, тек екі жасқа үлкен балалар арасында. Аталған жарыста да көкпектіліктер жеңіске жетті.

Командаға ШҚО мектеп лигасы федерациясының кубогы, ал ұлдарға медальдар мен грамоталар табыс етілді. Екінші орынды Ұлан ауданының жас волейболшылары, үшінші орынды – семейліктер, төртінші орынды – өскемендіктер иеленді. Сондай-ақ, жүлдегерлер медальдар мен грамоталар алды.

Номинациялар бойынша үздік ойыншылар деп танылды: шабуылшы Ерхан Ермахан (Ұлан ауданы), бұғаттаушы - Михаил Онищенко (Көкпекті ауданы), байланыстырушы - Әлішер Василов (Семей), либеро - Рустам Құдайбергенов (Өскемен).

Ерекше көзге түскен балалардан құрама команда құралатын болады. Олар 11-19 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында бақтарын сынайды.

Следующая новость