Бүгін ШҚО-да Камышин карьерінде жазатайым оқиға орын алды
KAZ Minerals тобы хабарлағандай, "Востокцветмет" ЖШС Артемьев өндірістік кешенінің "Камышинский" карьерінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлады компанияда.
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Тақырып бойынша жаңалықтар




