07 мамыр 2020 года, 16:34
Айдана Меирбаева

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы анықталды
Источник: Sputnik Казахстан Фото: unsplash.com
Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және "өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын".

Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде. Қазақстандық боксшы "Канеломен" мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.
Следующая новость