10 тамыз 2020 года, 11:37
Айдана Меирбаева

Мәскеулік "Спартак" футболдан Ресей чемпионатынан кететінін мәлімдеді

Бұл туралы ресейлік клубтың иесі Леонид Федун кеше Сочи командасымен болған жанжалды матчтан кейін айтты
Источник: МИР24 Фото: Официальный сайт ФК "Спартак"
Ресейде жаңа футбол маусымы басталды, онда алғашқы ойынды Мәскеудің "Спартак" және "Сочи" өткізді, деп хабарлайды МИР24 сайты. Алайда, жақында "Спартак" клубының басшылығы "Тинкофф" премьер-лигасынан кететіні туралы жариялады, ойын барысындағы төрешілік шешім мәскеуліктердің мұндай мәлімдемесінің себебі болды.

Бірінші таймның ортасына қарай "қызыл-ақ" өз қарсыластарынан екі голға озды. Бас төреші 15 минутта және 90 минутта мәскеулік "Спартак" командасына 11 метрлік пенальти тағайындады. Нәтижесінде екі команда да тең ойнап, бір-бір ұпайға ие болды. Алайда, бұл екі пенальти қоғамды және "Спартак" клубының басшылығын дүр сілкіндірді, сол себепті РПЛ-дағы жанжал туындады.

Қорытындылай келгенде, барлық талқылаулардан кейін матчты шешкен төреші тоқтатылды. Сондай-ақ, Ресей төрешілер департаменті VAR жүйесіне жауапты судьяның жұмысын тексереді.
Следующая новость