19 қараша 2019 года, 18:34
Устинка Live

Бразилия тұрғынынан өкпе обырының сирек кездесетін түрі анықталды

73 жастағы Сан-Пауло қаласының тұрғыны қолында түсініксіз дақтар пайда болып, бес келіге бірден арықтап кеткен соң дәрігерге қаралған
Источник: МИР24 Фото: cochranfirmdc.com
В Бразилии врачи обнаружили у женщины редкий признак рака легких

Дәрігерлер оған медициналық сараптама тағайындап, өкпе обырының сирек кездесетін түрінің белгілерін анықтаған, деп жазады МИР24 сайты.

Зейнеткердің айтуынша, оның қолында жыртылған тері сынды дақтар пайда бола бастаған және алақаны қыши берген.

- Тері – денеңіздің терезесі іспетті. Ол іште не болып жатқанын көрсетіп тұрады. Егер бетіңізде, қолыңызда, аяғыңызда қотыр пайда болса, ол обыр белгілері болуы мүмкін, - деп түсіндіреді дәрігерлер.

Зейнеткердің өзі көп темекі шегетінін және денсаулығына қарамайтынын айтқан. Оған химиялық терапия курсы белгіленді. Бірақ дәрігерлер ем нәтижесін жариялаған жоқ.

Следующая новость