15 қаңтар 2020 года, 16:57
Айдана Меирбаева

Қателікпен 30 жыл бойы түрмеде отырып шыққан

АҚШ-та 1991 жылы басқа біреудің жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылған азамат 62 жасында түрмеден шықты
Источник: Lenta.ru Фото: naiburgobedinandweissman.com

1987 жылы Детройт тұрғыны полицияға шағымданған. Ол өзіне көшеде біреудің шабуылдап, өлтірмек болғанын және азық-түлік дүкені маңында тұрған көлігін айдап кетпек болғанын айтқан, деп жазады Lenta.ru сайты.

Екі жылдан кейін әйел бір ер адамды өзіне тап берген қылмыскер деп таныған. Алайда тәртіп сақшыларында оны растайтын дәлел де болмаған. Бірақ ол азамат кінәлі деп танылып, 50 жылға түрмеге тоғытылған.

2010 жылы бұл құпия іспен коммерциялық емес заңгерлік ұйым айналысып, жазықсыз отырған азаматқа көмектескен. Мамандардың тыңғылықты жұмысының арқасында оның жазықсыздығы дәлелденді.

Нәтижесінде сот бұл адамның қателікпен біреудің кінәсін арқалап кеткен деп таныды.


Следующая новость