03 сәуір 2020 года, 13:39
Айдана Меирбаева

1 сәуірден бастап Қытайда ит пен мысық жеуге тыйым салынды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ит пен мысық жеуге тыйым салынды
Источник: РОСБАЛТ Фото: it.upet.com

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 1 мамырдан бастап ит пен мысықтың етін жеуге және сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

-          Ит пен мысық өзге жан-жануарларға қарағанда, адамға ең жақыны. Сондықтан өзге дамыған елдерде және Гонконг пен Тайваньда оларды жеуге тыйым салынған. Бұл қалыпты жағдай, - делінген жергілікті билік таратқан хабарламада.

Humane Society International ұйымының мәліметінше, қытайлықтар жыл сайын 10 миллион ит пен 4 миллион мысық жейді екен.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай билігі коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін жабайы жан-жануардың етін жеуге және сатуға тыйым салған болатын. Елде доңыз, қой, есек, қоян секілді үй жануарларын және үй құстарын асырауға және жеуге болады.

Еске салайық, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған COVID-19 коронавирусы бүгінде әлемге тарап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп мәлімдеді. Қазіргі таңда ауру 1 миллионнан астам адамға жұғып, олардың 50 мыңнан астамы қайтыс болған.

Тақырып: Қытай Ит Мысық
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Саясат -
Китайский посол Чжан Цзюнь призвал крупные державы также присоединиться к международному договору
Саясат 11:37 53
Саясат -
Новостной портал Устинка LIVE подготовил обзор самых важных событий в сферах политики, экономики и не только, попавших в поле зрения СМИ за прошедшую ночь
Саясат 09:37 4003
Саясат -
Президент США утверждает, что коронавирус распространился из китайского города Ухань, однако ученые не создали его в местной лаборатории
Саясат 13:53 564
Қызықтылар -
Официальный представитель МИД Китайской Народной Республики Хуа Чуньин ответила на обвинения, назвав их ложными
Саясат -
При этом глава Америки признает, что Китаю пришлось пройти через многие трудности, потерять больше тысячи человек населения
Саясат 11:57 518