18 қыркүйек 2020 года, 12:42
Устинка Live

Өлімге әкеп соғатын коронавирусқа қарсы қауіпті дәрі анықталды

Азитромицин мен жүрек қызметіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятыны анықталды
Источник: РИА Новости Фото: Архива редакции
Азитромицин антибиотигі басқа дәрілермен қатар ішкен жағдайда жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай пайымға келді. Ғалымдар коронавирус ауруы асқынған кезде ішетін азитромицин антибиотигінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости. Мамандар 44 миллионнан астам пациенттің мәліметтерін зерделеп шыққан. Олар амоксициллин мен азитромицинді ішкен топтардың нәтижелерін салыстырды. Ғалымдар азитромицин мен жүректің электр импульсіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятынын анықтады. Атап айтқанда, науқас естен танып, жүрек қағысы жиілеп, тіпті жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай дәрі-дәрмекке артериялық қан қысымына қарсы, депрессияға қарсы, безгекке қарсы препараттар мен опиоидтар жатады. Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек қызметін бұзатын дәрілерді тағайындағанда абай болуға шақырған еді. Тізімге COVID-19-ға қарсы кейбір препараттар да кірді. Олардың арасында хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Бұл дәрілер, дәрігерлердің пайымынша, жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Следующая новость

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өскеменнің және ШҚО-ның бүгінгі жаңалықтары -
По состоянию на 21 октября, по данным официального сайта местного Министерства здравоохранения, с начала пандемии в Новой Зеландии коронавирус выявили у 1912 человек
Криминал -
Криминальный мир так устроен, что даже в кризисные периоды пытается извлечь для себя максимальную прибыль
Криминал 09:43 138
Қызықтылар -
Препарат, разработанный американской биофармацевтической компанией Gilead Sciences Inc., стал первым одобренным FDA лекарственным средством
Қызықтылар -
Российский эксперт рассказал, что обычные перчатки уменьшают риск заражения вирусом наравне с резиновыми
Әлем -
В последние недели в странах Европы сообщают о росте заболеваемости коронавирусом, в том числе рекордно высоких показателях за время пандемии
Әлем 09:57 64