16 мамыр 2021 года, 09:07
Алексей Сафонов

Тарихта 16 мамыр күні қандай оқиғалар болды?

Устинка LIVE ақпараттық порталы дәл осы күні орын алған оқиғалар мен маңызды жаңалықтар туралы ақпарат ұсынады
Источник: Устинка LIVE Фото: Архив редакции
1923 жылы (92 жыл бұрын) – АҚШ-та Америка кино өнер акакдемиясының "Оскар" сыйлығын табыстау басталды. Алғашқы табыс ету салтанатты рәсімі радиодан тікелей хабарласа, 1953 жылдан бастап телеарнадан көрсете бастады. Қазіргі уақытта "Оскар" сыйлығымен марапаттау рәсімі әлемнің 10-нан астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі.

1935 жылы – ақын Оразақын Асқарұлы дүниеге келді.

1881 жылы (140 жыл бұрын) – Германияның Берлин қаласында әлемдегі ең алғашқы трамвай жүріп өтті. 

2006 жылы (15 жыл бұрын) – Алматы қаласында Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне қазақстанның атақты ақыны Олжас Сүлейменовты мерейтойына орай, әлеуметтік-гуманитарлық білім мен тәрбие беру орталығына ақынның есімі берілді.

2007 жылы (14 жыл бұрын) – Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдер орталығында Халықтар достығы мұражайы ашылды.

2007 жылы – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналсқан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Тұрақты даму комиссиясының 15-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның 2007-2024 жылдарға жоспарланған тұрақты даму тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. Шараны ұйымдастырған БҰҰ-дағы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

2007 жылы – "Есімізде сол соғыс" атты естелік кітабы Алматыдағы республикалық орталық мұражайға табыс етілді. 460 беттен тұратын жалғыз дана кітапқа 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, елге аман-есен оралған ардагерлер мен тылда еңбек еткен 200-ден астам адамның қолтаңбасы қалдырылған.

2008 жылы (13 жыл бұрын) – Шымкент қаласында "Астана Моторс" компаниясының салтанатты түрде ашылуы болды. Жалпы аумағы 6700 шаршы метрді құрайды. Мультибрендті компания кешенінің жабық үлгідегі екі автоорталығы болды. Алғашында автоорталықта әлемге танымал Toyota, Subaru, Hyundai, BMV, Nissan маркалы бренд көліктерді сатылымға шығарған.
Следующая новость
Telegram


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қызықтылар -
Информационный портал Устинка LIVE расскажет о значимых датах и событиях в этот день
Қызықтылар -
Информационный портал Устинка LIVE расскажет о значимых датах и событиях в этот день
Қызықтылар -
Информационный портал Устинка LIVE расскажет о значимых датах и событиях в этот день
Қызықтылар -
Информационный портал Устинка LIVE расскажет о значимых датах и событиях в этот день
Қызықтылар -
Информационный портал Устинка LIVE расскажет о значимых датах и событиях в этот день